Павлодарда тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 162 адам құтқарылды

30 Сәуір 2025, 01:19
288
Бөлісу:
Павлодарда тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 162 адам құтқарылды

Павлодар қаласындағы тұрғын үй кешенінен алапат өрт шығып, 162 адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, Торайғыров көшесінде орналасқан тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің төрт балконы қызыл жалынға оранды.

ТЖМ күштерімен өрт 34 минутта сөндірілді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт түскен сәттен бастап 34 минут ішінде сөндіріліп, оның таралуына жол берілмеді.

ТЖМ күштері 162 адамды, оның ішінде 65 баланы эвакуациялады. 54 адам өз бетінше көшеге шықты. Зардап шеккендер бойынша 112 ақпарат түскен жоқ, - делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы