Солтүстік Арал теңізіне 1,2 млрд текше метр су жіберілді

Былтыр қазан айынан бері Солтүстік Арал теңізіне 1,2 млрд текше метр су жіберілді.

 gov.kz 19 Тамыз 2026, 12:50
19 Тамыз 2026, 12:50
163
Фото: gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізін сақтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Соңғы жылдары қабылданған шаралардың нәтижесінде теңізге түсетін су көлемінің тұрақты болуы қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда, 2025 жылғы 1 қазаннан бүгінге дейін Сырдария өзені арқылы Солтүстік Арал теңізіне шамамен 1,2 млрд текше метр су жіберілді. Биылғы вегетация кезеңінде теңізге секундына 14 текше метр су түсіп жатыр.

Су жіберу көлемі ұлғая ма?

Вегетация кезеңі аяқталғанға дейін су жіберу көлемін біртіндеп секундына 100-150 текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,4 млрд текше метр.

gov.kz

Қандай жобала жүзеге асуда?

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, Солтүстік Аралды сақтау үшін ведомство бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр.

«Солтүстік Аралды сақтау мақсатында министрлік бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Оның ішінде Сырдария өзені бассейніндегі суды есепке алуды автоматтандыру және гидротехникалық нысандарды реконструкциялау жұмыстары бар. Сонымен қатар көршілес мемлекеттермен өзара іс-қимыл да күшейтіліп жатыр. Мәселен, былтыр Өзбекстан Республикасымен трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Бұл – он жылға созылған келіссөздер процесінің нәтижесі», – дейді Нұрлан Алдамжаров.

Қазақстан Өзбекстанмен қалай ынтымақтасады?

Өзбекстанмен ынтымақтастық маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан Республикасы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімге қол қойды.

Бұл құжат он жылға созылған келіссөздердің нәтижесі болып табылады және екі елдің трансшекаралық су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталған.

gov.kz

Ведомствода Солтүстік Аралға судың тұрақты келуі, гидротехникалық инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарын есепке алуды цифрландыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту теңізді сақтаудың басты шаралары болып қала беретінін атап өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Арал теңізін қалпына келтіру қалай жүріп жатқанын сарапшылар талқылаған болатын

Тағы оқи отырыңыз: 

Күнтізбедегі жаңа күн: Арал, Әмудария және Сырдария – ынтымақтастықтың халықаралық жемісі

Аралдың қайта оралған толқыны: Үміт пен үрей

Қасым-Жомарт Тоқаев: Аралды құтқару – ортақ әрі қол жеткізуге болатын міндет

Наверх