Күнтізбедегі жаңа күн: Арал, Әмудария және Сырдария – ынтымақтастықтың халықаралық жемісі

Арал тағдыры — аймақ бірлігінің символы

Бүгiн 2026, 20:18
АВТОР
 Ақорда Бүгiн 2026, 20:18
Бүгiн 2026, 20:18
236
Фото: Ақорда

Астанада өтіп жатқан тарихи саммит Орталық Азияның экологиялық күнтізбесіне жаңа күн енгізді. Енді 26 наурыз - тек Арал теңізінің емес, бүкіл аймақтың тіршілік көзі болып табылатын Әмудария мен Сырдарияның халықаралық күні.

Бұл шешім аймақтық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін және трансшекаралық су ресурстарын басқарудағы ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі болмақ.

Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:

1. «Халықаралық Аралды құтқару қорына Қазақстан Республикасының төрағалық ету барысы туралы» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;

2. «26 наурызды Арал теңізінің, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялау жөнінде» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;

3. «Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы» Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының шешімі;

4. Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшыларының Астана мәлімдемесі.

Наверх