Павлодарда саяжай өртеніп жатыр

25 Сәуір 2021, 20:08
1931
Бөлісу:
Павлодарда саяжай өртеніп жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Instagram-да Павлодардағы «Энтузиаст» бағбаншылығындағы саяжайлардың жанып жатқан видеосы пайда болды Оқиға орнына өрт сөндіру техинкасы барды.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, Instagram желісіндегі @tipavlo парақшасы «Энтузиаст» бағбаншылығындағы саяжайларды өрт шалғаны туралы видео жариялаған.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі саяжайлардағы үйлер мен құрғақ шөп өртеніп жатқанын мәлімдеді.

Екінші қоңырау нөмірі жарияланды. Барлық күштер мен ресурстар осы аумаққа жұмылдырылды. Қанша саяжай, қанша үй, қай көшелер өртенгені анықталуда. Қосымша ақпарат беріледі. Өрт сөндірушілер үй иелерінен құрғақ ағаш пен қоқысты ашық жерде өртемеуді сұрайды, - деді департаментте.
ТЖД өрт сөндіру техинкалары оқиға орнына сусыз келді деген әлеуметтік желі қолданушыларына да жауап берді.
Барлық бау-бақша учаскелерінде департаментіміздің күштері мен құралдары түтін мен ошақтарды анықтау мақсатында кезекшілік атқаруда. Сол жерде екі қоңырау нөмірі жарияланды. Өрт сөндіру орнына автоцистерналар сусыз шықпайды. Қатты қысым болғандықтан, цистерналардағы су 7-10 минутта таусылады. Өрт сөндіру қызметіне түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өзіңізге және мүлкіңізге мұқият болыңыз, - деп ескертеді ТЖД.
Бұған дейін департамент Павлодарда өрт қауіптілігі жоғары жазғы саяжай кезеңі басталғанын хабарлаған. Қала тұрғындарын қоқысты саяжайдан, ағаш ғимараттардан, қоршаулардан, екпелерден мүмкіндігінше алыс орнатып, тек темір бөшкеде өртеуге болатындығы туралы ескертілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Яблонка» бағбаншылығындағы өрт тоғыз саяжайды қиратқан болатын.


Өзгелердің жаңалығы