Павлодарда Қытай азаматы суға батып кетті

14 Маусым 2022, 08:50
1483
Бөлісу:
Павлодарда Қытай азаматы суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертісте суға батып кеткен жігітті іздеуге он сүңгуір жіберілді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық ТЖ басқармасы бастығының міндетін атқарушы Тілекжан Галлямовтың айтуынша, қайғылы жағдай орталық жағажайда болған.

24 жастағы суға батып кеткен жігіт Қытай азаматы. 11 маусымда сағат 19:28-де ТЖД пультіне жігіттің суға батып кеткенін және оның денесі табылмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Қазір онда он сүңгуірлер іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Олар Ертіс өзенінің шамамен үш шақырымын тексерді. Бірақ әзірге нәтиже жоқ, - деді Тілекжан Галлямов.

Суға кеткен азама тың есімі Жарқын Ақжол. 1998 жылы дүниеге келген. 24 жастағы жігіт жағалаудан 25-30 метр қашықтықта тереңдігі 3 метр болатын жерге шомылған. 

Өзгелердің жаңалығы