Павлодарда қала ортасында пышақпен жүрген ер адам ұсталды

6 Мамыр 2023, 10:30
658
Бөлісу:
Павлодарда қала ортасында пышақпен жүрген ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Полицейлер оның мас болғанын анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 6 мамырда Павлодар қаласының полициясына Академик Сатпаев көшесіндегі сауда үйдің жанында ер адам пышақпен жүр деген хабарлама келіп түсті.

Бұл факті Павлодар қаласының Солтүстік ПБ-де тіркелді. Дереу түрде көрсетілген мекенжайға автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді. 39 жастағы ер адам ұсталып, жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді.

Полиция қызметкерлері ер адамды медициналық куәландыру жасау үшін денсаулық сақтау органдарына жеткізді. Нәтижесінде, ер адам мас күйінде болған. Полиция ер адамды Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына апарды. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы