Павлодарда өздерін «ХҚКО қызметкерімін» деп таныстыратын алаяқтар пайда болған

21 Қараша 2020, 10:33
1763
Бөлісу:
Павлодарда өздерін «ХҚКО қызметкерімін» деп таныстыратын алаяқтар пайда болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өздерін осылайша таныстыратын алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайды, деп жазды Рavlodarnews.kz.

Павлодар мен Екібастұз қалаларының және Ертіс ауданының халыққа қызмет көрсету орталықтарына адамдар келіп, ХҚО қызметкерлері атынан оларға қоңырау шалған белгісіз адамдардың қарыздарын өтемеген жағдайда ЭЦҚ кілттері мен жеке бас куәліктерін бұғаттауы жайлы хабарласқанын айтқан екен, - дейді облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» PR-менеджері Мейрамгүл Абдрахманова.

Келеңсіз жайттарды болдырмау үшін мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды. 

«Азаматтарға арналған үкімет» пен қызмет алушылар арасындағы кез келген байланыс 1414 нөмірінен жолданатын SMS хабарлама түрінде ғана болуы мүмкін, азаматтарға брондау, құжаттар мерзімінің аяқталуы, құжаттың дайын болғаны немесе композит қызметтеріне қатысты хабарламалар жолданады.

Өзгелердің жаңалығы