Павлодарда қосымша төрт құтқару бекеті орнатылды

27 Шілде 2019, 14:11
1483
Бөлісу:
Павлодарда қосымша төрт құтқару бекеті орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мердігерлік ұйымға орталық жағажай мен Усолка жағажайында 4 құтқару бекетін орнату тапсырылды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайтында хабарланды.

Мұндай тапсырма Павлодар облысы ТЖ Департаменті қала әкімдігімен бірлесіп Ертіс, Усолка өзендерінің жағалауын, оның ішінде қаланың коммуналдық жағажайларын және рұқсат етілмеген шомылу орындарын аралау жұмысын ұйымдастыру кезінде жүктелді.

Делегацияны Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкенов, Павлодар облысы ТЖ департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов және суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мүдделі органдардың басшылары басқарды.

«Делегация қала тұрғындары мен қонақтарының көпшілік демалатын орындарға барды. Биылғы жылдың шомылу маусымында Павлодар қаласының аумағында 2 коммуналдық жағажай және 1 жеке жағажай ресми түрде жұмыс істейді. Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша делегация басшылары бірқатар тапсырмалар берді», - дейді облыстық ТЖ департаментінде.

Оның ішінде коммуналдық қызметтер «Бірге таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ертіс өзендерінің жағалау аймағында сенбіліктер ұйымдастыру, қоқыс шығару, сондай-ақ халықтың жаппай демалатын орындарында қоқыс жинау үшін қосымша контейнерлер орнату, коммуналдық жағажайларға қызмет көрсетумен айналысатын мердігерлік ұйымдар суда құтқару дағдыларына үйрету үшін қоғамдық құтқарушыларды жіберу тапсырылды.

Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметі суға шомылуға тыйым салынған жерлерде бақылауды күшейтіп, Усолка шағын ауданындағы көлік және жаяу жүргіншілер көпірлерінде бейнебақылау орнату жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.

Өзгелердің жаңалығы