Павлодарда өрт салдарынан 5 саяжай толығымен жойылды

5 Мамыр 2021, 13:08
1364
Бөлісу:
Павлодарда өрт салдарынан 5 саяжай толығымен жойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов айтып берді.

Комитет төрағасы қабылданып жатқан шараларға қарамастан, өрт қауіпті кезең басталғаннан бері орман қоры аумағында жалпы ауданы 16,7 мың гектар және дала алқаптарының 445 жануы, шамамен 3 мың гектар болатын 60 өрт тіркелгенін жеткізді.

Елді мекен аумақтарында құрғақ шөптердің өртенуі алаңдаушылық туғызып отыр. Өйткені оның жалыны тұрғын алқаптарға өтіп кету қаупі бар. 2021 жылғы 26 сәуір мен 3 мамыр аралығында құрғақ шөптің өртенуі тұрғын үйлерге, жазғы сауықтыру лагерлерінің ғимараттарына, саяжай және шаруашылық құрылыстарына таралған 4 жағдай тіркелді, - деді Нұрболат Дербісов.

Сондай-ақ, осы жылдың 1-2 мамырында Павлодар қаласында бау-бақша қоғамдарында саяжай қоғамдарының аумақтарында құрғақ шөптің жануының 2 оқиғасы тіркелді. Нәтижесінде 5 саяжай толығымен жойылып, 7 саяжай жартылай зақымдалды.

2 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Желяково ауылында құрғақ шөп өртеніп, кейін жалын жеке тұрғын үй секторындағы 6 үйге таралды. Осы күні Қызылжар ауданындағы «Сосновый бор» балалар сауықтыру лагерінің аумағында құрғақ шөп өртеніп, кейіннен жалын демалушылар тұратын корпусқа өтті. 2 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа ауданында құрғақ шөп өртеніп, жалын тұрғын үйге таралған, сондай-ақ өрттің салдарынан жеңіл автокөлік жанып кетті, - деп ол баяндады.

Айта кету керек, орман және дала өрттерінің көп бөлігі 100 км-ден астам радиуста, ТЖМ бөлімшелері жоқ шалғай аумақтарда орын алады.



Өзгелердің жаңалығы