Павлодарда онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді

15 Қыркүйек 2022, 11:47
1421
Бөлісу:
Павлодарда онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді
Фото: автордан

Павлодар онкологиялық диспансерде тұрғындар үшін тегін ашық есік күні өтеді. Азаматтар тексеріліп, білікті мамандардың кеңесіне жүгіне алады, деп хабарлайды  Павлодардағы BAQ.KZ  тілшісі. 

Ашық есік күні әйелдер арасында гинекологиялық аурулардың алдын алу мақсатында өтеді. Облыстық онкологиялық диспансердің дәрігері Ернұр Неғмановтың айтуынша, жыл басынан бері әйелдердің жыныс мүшелерінің қатерлі обыры бойынша 200-ге жуық жағдай тіркелді.

Ауруға шалдығу деректері жыл сайын өсіп отырады. Сондықтан, ашық есік күндерін жиі өткізіп, тұрғындарды скринингтен өтуге шақырамыз. Биыл сегіз айы ішінде 50 мыңнан астам скринингке шақырылды. Басым бөлігі – әйелдер. Ашық есік күніне кез келген тұрғын келе алады ешқандай жолдама немесе өзге де құжаттар қажет емес. Мамандар кеңес беріп, аурудың алдын алу жолдарын түсіндірмек, - дейді Ернұр Неғманов.

Айта кетейік, облыстық окнологиялық диспансердің еесебінде 12 мыңнан астам сырқат тіркеуде тұр. Жыл сайын 2000-ға жуық азаматтар сырқат анықталып келеді. 300-ден астам жағдай әйелдердің гинекологиялық ауруларына тиесілі болып шықты. Өкінішке қарай, Ертіс өңірі қатерлі ісік аурулары бойынша елімізде көш басында. Осы жылдың басынан бері 500-ден астам науқас көз жұмған. 

Өзгелердің жаңалығы