Павлодарда мектепті «жарып жібермек» болған ер адам ұсталды

19 Желтоқсан 2021, 11:50
1247
Бөлісу:
Павлодарда мектепті «жарып жібермек» болған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ер адам алкогольдік мас күйде болған. Ол өзінің бұл әрекетке не себепті барғанын түсіндіре алмады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің  мәліметінше,  18 желтоқсан күні сағат 18.17-де  полицияға «ер адам 17 мектепті жарып жібергісі келеді» деген шақыру түскен.

Мектепке келген жедел тергеу тобы тексеру жүргізді. Сағат 19.58-де тексеру аяқталды, жарылыс қаупі бар заттар табылған жоқ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1977 жылы туған павлодарлық анықталып, ұсталды, - деді департаментте.

Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өзгелердің жаңалығы