Павлодарда карантинде қыз ұзатқан дәмхана анықталды

21 Шілде 2020, 04:27
1580
Бөлісу:
Павлодарда карантинде қыз ұзатқан дәмхана анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отбасылық салтанат тойға 50-ден астам адам жиналған, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 18 шілде күні сағат 15.00-де карантин енгізілгеніне қарамастан, қалалық дәмханалардың бірі жұмыс істеген.
Дәмхананың иесі мен отбасылық мерекенің ұйымдастырушысы тыйым салуды елемеді және адамдардың денсаулығына қауіп төндірді. Аталған факті бойынша иесіне, сондай-ақ отбасылық іс-шараны ұйымдастырушыға қатысты материал жиналып, Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Дәмхана шешім шығарылғанға дейін мөрленді, - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. 

Сонымен қатар, мониторингтік топ рейдтерінің барысында тағы бір мекемеде осындай бұзушылық анықталды. Жұмыс істеуіне тыйым салынған мекемеде тексеру кезінде көптеген келушілер болған.

Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, аталған дерек бойынша материалдар Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.
Мониторинг топтар санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің 160 бұзушылығын анықтады. Топ құрамына әкімдік, СЭС және полиция өкілдері кірді. Тексеріс барысында 66 дүкен, 46 дәмхана мен мейрамханалар, 12 кальян, 7 сауна мен монша кешені, 9 ТҚС және ЖҚС анықталды, - деді ПД бастығының бірінші орынбасары. 
Өзгелердің жаңалығы