Павлодарда індет жұқтырғандардың арасында 2 жасар сәби бар

1 Мамыр 2020, 13:35
1327
Бөлісу:
Павлодарда індет жұқтырғандардың арасында 2 жасар сәби бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус  инфекциясын жұқтырған жаңа 13 жағдай тіркелді, олардың 5 ЖРВИ диагнозымен госпитальданған, 8 адам бұған дейін  анықталған КВИ жағдайымен  қатынаста болған (1 мамыр сағат 09.00 дегі жағдай бойынша).

Бұл туралы мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабарлады. 

2009 жылы туған ұл бала және 2005 жылы туған қыз бала Шідерті кентінің тұрғындары, бұған дейін  анықталған КВИ жағдайымен  қатынаста болған. 11 адам Екібастұз қаласының тұрғындары 1970, 1980,1978,1967,1984 жылы туған ер адамдар және 1964,1967.1962,1965 жылы туған әйелдер. Сондай-ақ екі бала  – ұл бала  2018 жылы туған және қыз бала  2004 жылы туған. Олар бұған дейін  анықталған КВИ жағдайымен  қатынаста болған. Тұрғылықты жері, жұмысы мен ошақтар  бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобын анықтау мен  эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.
Бүгінгі күні сағат 12.00- дегі  жағдай бойынша Павлодар облысында  коронавирус инфекциясымен ауырған 142 факті тіркелген.


Өзгелердің жаңалығы