Павлодарда фармацевт жалған дипломмен жұмыс істеген

9 Сәуір 2022, 18:35
2021
Бөлісу:
Павлодарда фармацевт жалған дипломмен жұмыс істеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция құжаттарды қолдан жасағаны үшін қылмыстық бап бойынша тексеру жүргізуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

2018 жылы қалалық ЖШС-ға жұмысқа орналасу кезінде  азаматша Қызылорда медициналық колледжін бітіргені туралы диплом ұсынған. Дипломға сәйкес оған «Фармацевт» біліктілігі берілген.

Кейін ЖШС-де тексеру жүргізіліп, құжаттар бойынша сараптама тағайындалды. Фармацевт дипломының жалған екені анықталды, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 385-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы