Павлодарда 5 жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті

Бүлдіршін ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның қазіргі жағдайына қатысты мәлімет берді.

Бүгiн 2026, 18:57
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/жасанды интеллект Бүгiн 2026, 18:57
Бүгiн 2026, 18:57
134
Фото: ©BAQ.KZ архиві/жасанды интеллект

Павлодарда бес жасар қыз көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне Павлодар облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

2026 жылғы 4 маусымда 2021 жылы туған қыз бала жедел медициналық жәрдем қызметінің көмегімен Павлодар облыстық балалар ауруханасының жарақат пунктіне жеткізілген.

Дәрігерлер науқасты шұғыл тексеріп, қажетті диагностикалық зерттеулер жүргізген. Алдын ала қойылған диагноз бойынша қыздың ішкі ағзалары соғылып, миы шайқалған, - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиғадан кейін бүлдіршін аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Қазіргі уақытта пациентке қажетті емдеу және диагностикалық шаралардың толық кешені жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді ведомство.

Дәрігерлер балалардың терезе маңында қараусыз қалмауы керектігін ескертіп, мұндай жағдайлардың әсіресе жаз мезгілінде жиілейтінін атап өтті. Терезелерге арнайы қорғаныш құрылғыларын орнату және балаларды тұрақты бақылауда ұстау қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.

Еске салсақ, жақында ғана Павлодар облысында 5-қабат терезесінен құлаған бала ауруханаға түскені жайлы хабарлаған едік. Бала құлап кеткен сәттегі видео әлеуметтік желіде тарады. 

Сондай-ақ, Астанада 4 жасар бала жетінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Тағы оқи отырыңыздар: Астанада бойжеткен 9-қабаттан секірмек болды

Жатақхананың 5-қабатынан құлаған: Қарағандыда шетелдік студент мерт болды

Наверх