Павлодарда 21 мың м2 асфальт жабыны жаңартылды

16 Сәуір 2024, 12:25
235
Бөлісу:
Павлодарда 21 мың м2 асфальт жабыны жаңартылды
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Павлодарда жол жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Асайын Байханов облыс орталығының көшелерін жөндеу жұмыстарын тексерді және жөндеу жұмыстары басталған бірнеше учаскеге барды.

Бүгін Н. Назарбаев даңғылы - Ломов - Ак.Шөкин көшелерінің қиылысындағы жолды орташа жөндеу жұмыстарына кірісті. Арнайы техникамен жол жабынын фрезерлеу жүргізілуде (асфальттың жоғарғы тозған қабатын алу), содан кейін жаңа асфальт төселеді. Павлодарда жалпы ұзындығы 27 км болатын 14 көше жөнделеді.

Биылғы жөндеу жұмыстарымен 80 мың м2 астам квартал ішіндегі жолдар және автокөлік тұрақтары қамтылады. Бұл жұмыстар жол жабынының тозуын талдау негізінде орындалады. Қала тұрғындарынан көптеген шағымдар түскен осындай учаскелердің бірі Ломов көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі аралықтағы Қамзин көшесі болды, қазір онда қажетті жұмыстар жүргізілді. Осылайша, қазіргі уақытта қалада 21 мың м2 асфальт жабыны жаңартылды.

Облыс басшылығының қала билігі алдына қойған міндеттердің бірі - жаяу жүргіншілер жолдарын салу. Бұған дейін 2022-2023 жылдары облыс орталығында бұрын-соңды болмаған немесе жағдайы нашар көшелерде 40 км жаяу жүргіншілер жолдары салынған болатын. 2024 жылы бұл жұмыстар жалғасады. Павлодардың 28 көшесінде 22 шақырым жаңа жаяу жүргіншілер жолдары пайда болады.

Өңір басшысы Қамзин көшесінен Ворушин көшесіне дейінгі Теплов көшесіндегі осы жұмыстардың барысын тексере отырып, жұмыстарды орындау кезінде биіктікті ескеріп, жолдарды топырақ қабатынан жоғары қою қажет екенін атап өтті.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Асайын Байханов барлық жоспарланған жұмыстарды сапалы және мерзімінде жүргізуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы