Павлодарда 17 көше атауы қазақшаланады

13 Маусым 2022, 15:04
1990
Бөлісу:
Павлодарда 17 көше атауы қазақшаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардағы 17 көшеге қазақ тұлғаларының есімі беріледі.

Қаулы «Ашық НҚА» сайтында жариялан

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңының 11 бабы 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Үкімет жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі қаулы етеді  және Павлодар облыстық мәслихаты шешім қабылдады.

Павлодар қаласының келесі көшелері:

Мир көшесі Олжабай батыр көшесіне;

Урицкий көшесі Генерал Смағұлов көшесіне;

1-я Южная көшесі Бірлік көшесіне;

2-я Южная көшесі Кәукен Кенжетаев көшесіне;

Парковая көшесі Мұқағали Мақатаев көшесіне;

Донецкая көшесі Мағжан Жұмабаев көшесіне;

Кубанская көшесі Қалмұқан Исабай көшесіне;

Совхозная көшесі Рафиқа Нұртазина көшесіне;

Таганрогская көшесі Қазанғап би көшесіне;

Ангарская көшесі Нағымбек Нұрмұхаммедов көшесіне;

Читинская көшесі Аманжол Шәмкенов көшесіне;

Декабристов көшесі Қамар Қасымов көшесіне;

Юннатов көшесі Дихан Әбілев көшесіне;

1-я Советов, 2-я Советов көшесі Генерал Бәкіров көшесіне;

Зыряновская көшесі Қабдыкәрім Ыдырысов көшесіне;

Саянская көшесі Алма Әжібаева көшесіне;

Лесная көшесі Ағайынды Дүйсембиновтер көшесіне қайта аталсын.

Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы