Павлодарда 100-ге жуық науқасқа жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді

8 Маусым 2020, 17:04
1567
Бөлісу:
Павлодарда 100-ге жуық науқасқа жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсатында 86 пациент жоғары технологиялардың көмегімен көрсетілетін қызмет түрлеріне қол жеткізді.

Сала мамандарының хабарлауынша, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,2%-ға артық көрсеткіш. Павлодар облысы бойынша медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Нұрлан Қасымовтың хабарлауынша, карантиндік режим болмаса, көрсеткіш әлдеқайда жоғары болар еді.

Жалпы, 2020 жылы Ертіс өңірінде атаулы медициналық көмек көрсетуге 1 млрд 297 млн теңге бөлінді. Ал былтырғы жылы 569 млн теңге жұмсалып еді. Яғни, 2,3 еселік өсім бар, - дейді Нұрлан Қасымов.

Айта кетейік, өткен жылы тегін жоғары технологиялы медициналық қызметтерді әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтар алған болатын. Олардың қатарында жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер болды.

Бұл игілікке бөлінетін қаражат жыл сайын артып келеді. Мәселен, осы жылдың төрт айында бұл қызметтерге бөлінген қаражат 11,08%-ға артып, 290,7 млн теңгені құрады.

Айта кетейік, көрсетілген қызметтер тізіміне 80-ге жуық бірегей технология бар.

Өзгелердің жаңалығы