Павлодарда өндірілетін қоспалы алюминий көлемі екі есе артады

25 Қаңтар 2019, 17:25
3343
Бөлісу:
Павлодарда өндірілетін қоспалы алюминий көлемі екі есе артады

Павлодар. BAQ.KZ тілшісі. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында ашылған кәсіпорын биылғы жылы өндірістік қуаттылығын 40 мың тоннаға жеткізбек. Қанатты металл ішкі нарыққа бағытталады.

Айта кетейік, жаңа кәсіпорын - неміс және ресейлік ірі кәсіпорындарының еншілес компаниясы.

Өндіріс ошағы директорының орынбасары Руслан Ибраевтың айтуынша, кәсіпорын қоспалы алюминий шығару үшін шикізатты алыстан тасып, сабылмайды. Негізгі шикізат Қазақстан электролиз зауытынан әкелінеді.

«Қазіргі уақытта кәсіпорында 30-ға жуық білікті маман еңбек етеді. Өндірісті күрдістердің барлығы цифрлындырылған. Шикізат сұйық болғандықтан, оны алюминий зауытынан арнайы көлікпен әкелінеді. Бұл – біз үшін өте тиімді. Осы жылы өндірістің екінші кезегін іске қоспақпыз. Нәтижесінде қуаттылық екі есеге артады», - дейді зауыт директоры Руслан Ибраев.

Сәйкесінше шетелдік нарықтқа шығуға да мүмкіндік ашылмақ. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта сапалы өнім Германия, Австрия және Польшаға де жеткізілмек.

Заманауи кәсіпорын Ертіс өңірінде алюминий кластерін қалыптастырып, өнімнің шетелге де экспорттауға сеп болды. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы басқарма төрағасы, бүгінде өңір металлургтері алюминий өндірісінің төртінші сатысына көшті.

«Біз бокситті өндіріп, одан глинозем аламыз. Глиноземнан қарапайым алюминий аламыз, қарапайым алюминийден қоспалы алюминий өндіреміз. Алюминийді ңбұл түрі күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды жасауға қажет. Металлдың бұл түрі қасықтан, ғарышқа ұшатын зымырандарды жасауда аса қажет», - дейді Айбек Тұрсынғалиев.

Сұйық металл шетелге тасымалданумен қатар, шикізатты көлік дискілерін шығаратын зауыт та тұтынады. Былтырғы жылы мың алюминий дискісі өндірілген. Жыл басынан бері 50 мың алюминий дискісі шығарылып, нарыққа жөнелтілген. Қанатты металлдан дискілерді өндіру желісі бір жыл бойы іске қосылды. 6,7 млрд. теңге инвестиция құйылған ілкімді жоба 2020 жылға дейін толық жүзеге асырылады. Өнімнің 50%-ын сыртқы нарыққа тасымалданбақ.

Осылайша, өңірде алюминийді қайта балқытудың жоғары деңгейіне, яғни қанатты металлдан дайын өнім шығару жолға қойылды. Мамандардың сөзіне сенсек, «Lexus» маркалы көлігіне арналған бір диск шамамен небары 7 минуттің ішінде құйылады. Кейін жаңа өнім конвейерлік лента арқылы металл өңдеу станоктарына жіберіледі. Қазіргі уақытта зауыттың екінші бөлігін салу мәселесі шешілуде. Кәсіпорын базасында дөңгелеетерді механикалық өңдеу желісі іске қосылып, қосымша құю машиналары орнатылмақ. Бұл жылдық өндірістік қуаттылықты 1 млн данаға арттыруға мүмкіндік бермек.

Ақмаржан Әділбек

Фото: автор

Өзгелердің жаңалығы