"Павлодар-Семей" тасжолында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

19 Шілде 2023, 20:06
853
Бөлісу:
"Павлодар-Семей" тасжолында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

"Павлодар-Семей", яғни М-38 тасжолында жол қозғалысы қауіпсіздігі шаралары күшейтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандар М-38 "Павлодар-Семей" күре жолының Павлодар қаласындағы саяжай шағын ауданынан Байдала ауылына дейінгі жол аралығын абаттандырып, қауіпсіздік шараларын күшейтті. 

Жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатымен мамандар жаңа жарықдиодты шамдарды, арнайы тосқауыл қоршаулары мен жол белгілерін орнатты. Сонымен қатар алғаш рет "қауіпсіздік аралдары" да пайда болды. 

Жақын маңда орналасқан елді мекен тұрғындарының ыңғайлылығы үшін Кенжекөл ауылына кіреберісте жаңа көлік айрығы салынды. 

Сондай-ақ жаңа санитарлық-гигиеналық торап орнатылды. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр осы учаскеде қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, жол бөлігі пайдалануға берілді.

Өзгелердің жаңалығы