Павлодар облысының медициналық ұйымдары 76 жас маманмен толықты

26 Қыркүйек 2022, 19:37
1192
Бөлісу:
Павлодар облысының медициналық ұйымдары 76 жас маманмен толықты
Фото: автордан

Павлодар облысының билігі медицина саласына мамандарды тарту мақсатында қолдау шараларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситказиновтың айтуынша, медициналық ұйымдарға мамандарды тарту бойынша шаралар жоспары бекітілген.

Медициналық ұйымдар өздерінің қаржылық мүмкіндіктеріне қарай мамандарды қолдау шараларын қолға алған. Жас мамандарға 500 мың теңгеден 2 млн. теңгеге дейінгі көлемде көтерме ақы қарастырылған. Кадрларды тұрғын үй қамтуға да баса назар аударылған.  Үстіміздегі жылдың басынан бері өңірде 76 орта медициналық маман келді. Басым бөлігі Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларына келді. 18 кадр ауылдарға жол тартты. Бүгінде мамандардың барлығы жұмыс істеп жатыр. қолдау шараларын ауруханалардың өзі де жүзеге асырылады. Мәселен, Ертіс ауданының жеке кәсіпкері жас маманға көмектесу мақсатында қаржылай көмек көрсеткен. Қалаларда дәрігерлерді қамту жағы бойынша мәселе жоқ. Ауылдық жерлерде қиындау, бірақ, тиісті қолдау шараларын қолға алып жатырмыз, –  дейді Айдар Ситқазинов.

Айта кетейік, «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша елді мекенлерге келген мамандарға 100 АЕК көлемінде жәрдемақы қарастырылған. 2022 жылы бұл сома 318 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 1500 АЕК көлемінде жеңілдетілген несие беру жағы қарастырылады. 

Өзгелердің жаңалығы