Павлодар облысының карантиндік стационарларында 800 адам болған

20 Қазан 2020, 20:30
1521
Бөлісу:
Павлодар облысының карантиндік стационарларында 800 адам болған
Фото: автордан

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысының аумағына оралған Қазақстан азаматтарында ПТР-зерттеу анықтамасы болмаса, олар карантиндік госпитальге жатқызылады. Соңғы екі апта ішінде осындай стационарларда 800 адам болды.

Сала мамандарының мәліметінше, өткізу пунттері арқылы елге келгендер ПТР-зерттеуден өткен соң СOVID-19 инфекциясын жұқтырудың 22 оқиғасы тіркелді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы стратегиялық даму және инновациялық технологиялар бөлімінің басшысы Ерғалы Асылбектің мәліметінше, қазіргі уақытта облыста 235 төсек-орынға шақталған жеті карантиндік стационар ашылған. Олардың барлығы Ресеймен шекаралас жатқан аудан орталықтарында орналасқан.

Карантиндік стационарларға қолдарында ПТР-тесттері жоқ азаматтар қабылданады. Оларда тұмау немесе коронавирус инфекциясының белгілері болмайды. Дегенмен, індеттің таралу қаупін сейілту мақсатында зерттеу жүргізіледі. Ал адамдар нәтиже белгілі болғанша сол стационарларда күтулері тиіс. Қазіргі уақытта шекаралас госпитальдерде 84 адам бар. Төсек-орын тапшылығы байқалмайды, - дейді Ерғалы Асылбек. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Павлодар облысында тәуілігіне үш мың зерттеу жүргізуге қауқарлы зертханалар желісі бар. Бір сараптаманың бағасы 12 мың теңгеден 9 мың теңгеге төмендемек.


Өзгелердің жаңалығы