Павлодар облысындағы Маралды курортының жұмысы қайта жанданады

24 Мамыр 2021, 19:35
3012
Бөлісу:
Павлодар облысындағы Маралды курортының жұмысы қайта жанданады
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде үш маусым бойы жұмыс істеп, кейін тұралап қалған Маралды курорты қайта жанданады. Аймақты дамытуды туризм саласында 25 жылдық тәжірибесі бар кәсіпорын қолға алды.

Еске салсақ, өңірдегі ең ірі тұзды көлдегі туристік маусым үш маусым бойы жұмыс істеді. Блытырғы жылы жұмыс тоқтап, бұрынғы инвестор жобаны аяқтады. Сонымен қатар, бірнеше жыл бойы қомақты қаражат құйған инвестор инфрақұрылымның барлығын алып кетті. Осылайша, бірегей көлдің маңы қаңырап бос қалды. Себебі, бұрынғы инвесторға бағасы қымбат артемия салина шаяндарын аулауға рұқсат берілмеген.

Жаңа кәсіпорынды жергілікті туристік компания мен «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірлесіп құрды. Бастапқы кезеңде 70 млн теңге бөлу қарастырылған.

Павлодар облысындағы Маралды курортының жұмысы қайта жанданады 

Өткен жылғы пандемия болмаса, Маралды көліндегі демалысқа сұраныс жоғары. Тынығушылар көбінесе шипалы батпақ пен тұзды суға қызығады. Ғылыми деректерге сүйенсек, көлдің маңында ақ және көгілдір батпақ түрлері шоғырланған.

Үш жылдық жобаға инвестиция құюды қолға алған компания директоры Гүлмира Отарғалиеваның айтуынша, жоспар бойынша көлдің аумағы үш зонаға бөлінеді. «А», «Б» және «С» бөлімдері қарастырылған.

 Павлодар облысындағы Маралды курортының жұмысы қайта жанданады

Басты мақсатымыз - демалушыларға қолайлы жағдай жасау. Баға да қолжетімді болуы шарт. Мәселен, әр зонаның өз тарифі болады. Ең арзаны адам басына 700 теңге болады. Ең қымбаты 1500 теңге көлемінде. 12 жасқа дейінгі балалар тегін демалу мүмкіндігіне ие. 2023 жылға қарай жыл бойы жұмыс істейтін курорттық зонаға айналамыз деген ой бар. Маралдыда шағын үйлер бой көтереді. Болашақта «бәрі енгізілген» жүйе болады деп жоспарлап жатырмыз, - дейді Гүлмира Отарғалиева.
Павлодар облысындағы Маралды курортының жұмысы қайта жанданады

Осы жазда қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық нормалар сақталуы шарт. Мәселен, көлге кем дегенде 100 демалушы кіре алады. Әр тынығушы арасында әлеуметтік қашықтық сақталады. Төрт метрлік қашықтық болуы керек.

Жобы авторларының есептеуінше, бір жазғы маусымға Маралдыға 70 мыңға жуық адам демалуға келеді. Қазіргі уақытта су айдынының аумағы тазартылып, қоқыс шығарылуда. Сонымен қатар, жуынып-шайынуға арналған кабинкалар, қоқыс тастау орындары, қоғамдық тамақтану нысандары пайда болады. Демалушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында медициналық және полицейлік пункт ашу жоспарланған.

Сала мамандарының айтуынша, қазіргі кездегі құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылған. Жаз маусымында да жаңа жұмыс орындары ашылады.

 


Өзгелердің жаңалығы