Павлодар облысындағы дауылдан қаза тапқан әйелдің барлық несиелері төленеді және алдағы 2 жылда ол тұрған пәтердегі жылу мен судың коммуналдық қызметтеріне ақы төленетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар облысының әкімі Асаиын Байхановтың тапсырмасы бойынша қайтыс болған Марина Валерьевна Пахомованың отбасына келесідей қаржылық қолдау көрсетілді:
• жұмыс істеген еңбек кезеңі үшін өтемақы;
• БЖЗҚ-дан бөлінген жерлеу рәсіміне арналған қаражат;
• жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қаражат.
Жиналған барлық қаражат жерлеу рәсімін ұйымдастыруға, ас беруге, сондай-ақ ескерткіш тас сатып алуға жұмсалды. Мұның барлығымен волонтерлар айналысуда. Жаназа рәсімінде туған-туыстарын тасымалдау үшін автобус берілді, - делінген облыстық әкімдіктің хабарламасында.
Павлодар облысының әкімдігінің мәліметінше, сондай-ақ Kaspi Bank, Halyk bank және "KMF" МҚҰ-дағы ағымдағы несиелері төленеді. Бұдан басқа, 2025-2026 жылдар кезеңі үшін (екі жыл) қаза болған адам тұрған пәтердегі жылу мен судың коммуналдық қызметтеріне ақы төленетін болады.
Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысындағы дауылдан 16 адам зардап шегіп, 1 әйел қаза тапқаны хабарланған еді.
Белгілі болғандай, Павлодарда дауылдан зардап шеккендерге 393 200 теңге өтемақы төленеді.