Павлодар облысында жылу беріле бастады

20 Қыркүйек 2023, 07:22
597
Бөлісу:
Павлодар облысында жылу беріле бастады
Фото: скрин

Павлодар облысында күннің салқындауына байланысты бірінші кезекте әлеуметтік нысандар, яғни мектеп, балабақша, медициналық мекемелерге жылу беріле бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жалпы тұрғын үйлерге 30 қыркүйекте қосылады. Бұл кезеңде өрт қаупі көп болатындықтан, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері рейдтер ұйымдастырып жатыр. Бұл жұмыстарды Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларымен қатар аудандардағы Төтенше жағдайлар және өрт сөндіру қызметінен құрылған арнайы топтар атқарады.

Негізінде бізге мына әкімшілік және статистика бергені бойынша 1 мың 286 үй бар. Соның ішінде ана шамалы тұратын үйлер немесе халі жетпейтіндер соны біз есепке алып, сол үйлерде 5 мың 145 адам тұрады, жерлестеріміз. Оларға қазір адресный өрт және профилактикалық жұмыстарын өткізіп жатырмыз. Былтыр да бұрнағы жылы да өткен жылдары да біздер датчиктерді қойып жатырмыз. Трубаларын тазартып жатырмыз, - дейді облыстық ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев.

Өзгелердің жаңалығы