Павлодар облысында жол апатынан 25 жастағы дәрігер көз жұмды

7 Тамыз 2021, 11:10
3220
Бөлісу:
Павлодар облысында жол апатынан 25 жастағы дәрігер көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол апаты Черноярка ауылының жанында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

6 тамыз күні сағат 23.45-те Омбы - Майқапшағай автожолының 380 км-де "Ниссан Патрол" автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі "УАЗ" автокөлігімен соқтығысты. Жол апаты салдарынан "УАЗ" автокөлігінің 25 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, көз жұмған жігіт Чернорецк дәрігерлік амбулаториясының дәрігері болған. Ол науқасты Ақсу қаласының ауруханасына жатқызып келе жатқанда жол апатына түскен.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды.


Өзгелердің жаңалығы