Павлодар облысында жабайы үйректер мен құрларды аулау маусымы ашылады

6 Сәуір 2022, 14:36
1358
Бөлісу:
Павлодар облысында жабайы үйректер мен құрларды аулау маусымы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аң аулау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленген, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2022 жылғы 23 сәуір - 7 мамыр аралығында өңірдің бекітілген аңшылық алқаптарында жабайы үйректер мен  құрлардың аталықтарын аулау көктемгі маусымы ашылады.

Қазақстан Республикасының аң аулау қағидаларына сәйкес аң аулау (әуесқойлық спорттық) аңшыда келесі құжаттар болуы тиіс: аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасы немесе жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсат. Сондай-ақ аушы жыртқыш құстармен аң аулау кезінде аушы құстың паспорты болуы керек, - деді инспекцияда. 

Көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде аңшылық шаруашылығында тұлыптар болған жағдайда ұя салатын үйректердің аталығын, жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің көп аталық түрлерін алуға жол беріледі.

Еске сала кетейік,  бекітіліп берілген аңшылық алқаптарының аумағында терісі бағалы аңдар: түлкі, қарсақ және қоян аулау маусымы 2021 жылғы 1 қарашадан 2022 жылғы 15 ақпанға дейін ашылған. Сондай-ақ, 31 желтоқсанға дейін жабайы тұяқты жануарларды - қабандар мен еліктерді аулауға  рұқсат берілді.  Тұяқты жануарларды аулау тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшысының қатысуымен жүргізілді. 

Өзгелердің жаңалығы