Павлодар облысында үш айда 15,4 мың адам жұмыстан шыққан

1 Тамыз 2021, 21:05
2107
Бөлісу:
Павлодар облысында үш айда 15,4 мың адам жұмыстан шыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуір-маусым аралығында өңірде 9 мыңға жуық адам кәсіпорындарға жұмысқа қабылданған деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. 

Бұл туралы Павлодар облысының Cтатистика департаменті мәлім еткен. 

2021 жылғы II тоқсанда облыстағы ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдарға 8,8 мың адам жұмысқа қабылданды. Әртүрлі себептер бойынша 15,4 мың адам жұмыстан шыққан. Жұмыстан шыққан қызметкерлер арасында 61,8 пайызы тұрақтамау себептері бойынша, яғни өз еркі және еңбек тәртібін бұзғанына байланысты кеткендер, - деді департамент. 

15,4 мың адамның ішінде персонал санының қысқартылуы мен кәсіпорынның таратуына байланысты – 0,4%, түрлі себептер бойынша (біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмегеніне, тараптардың еркінен тыс мән‐жайларға байланысты және басқа себептер бойынша) жұмыстан кеткендер – 37,8%-ды құрады.

Өзгелердің жаңалығы