Павлодар облысында тоғыз мектеп оқушысынан коронавирус анықталды

28 Қыркүйек 2020, 13:13
1587
Бөлісу:
Павлодар облысында тоғыз мектеп оқушысынан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында мектеп оқушыларынан коронавирус анықталды. Оның төртеуі мектепке барып оқыған, деп хабарлады irbistv.kz.

Шарбақты ауданындағы Алексеев орта мектебінде бастапқыда бір мектеп оқушысынан коронавирус анықталған. Оқушы науқаспен байланыста болған адам қатарында екен. Санитар дәрігерлер оқушымен 44 адам байланыста болғанын хабарлады, нәтижесінде тағы үш оқушыдан COVID-19 анықталған. Бәрінде ауру симптомсыз өткен, - делінген ақпартта.

Алексеев мектебі белгісіз уақытқа жабылды. Шешім эпиджағдайға байланысты қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы