Павлодар облысында су басу қаупін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде

12 Қаңтар 2024, 18:30
531
Бөлісу:
Павлодар облысында су басу қаупін азайту бойынша жұмыстар жүргізілуде
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Павлодар облысының аса қауіпті өңірлерінің бірі Баянауыл ауданы болып табылады, онда 17 елді мекенде су басу қаупі бар, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Көктемгі кезеңдегі негізгі қауіп ол - Ащысу, Айдос, Бала-Щидерті, Қарасу өзендерінде.

Жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, елді мекендерді су басу қаупін азайту үшін 2023 жылы Баянауыл ауданында көлемі 6,7 мың га, 4 ауылдық округте - Жаңатілек, Сәтбаев, Ұзынбұлақ және Жаңажол, «Лиманды суару жүйесін қалпына келтіру» жұмыстарын басталды.

Жұмыстар бөгеттер үшін топырақ үйіндісін жүргізу және шлюз реттегіштерін орнату болып табылады, жұмыстарды жүргізу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат қажет болады.

Осылайша, жобаны іске асыру үшін тасқын суларды пайдаланса - ол жерді құнарландырып және 17 елді мекенді су басу қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар Баянауыл ауданының жайылмалы суару жүйелерін суландырып, су басқан шалғындар жоғары өнімділік беріп және шалғынды шөп жинауға болады, бұл өңірдегі шалғынды мал шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізеді, - деп хабарлайды Павлодар облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы