Павлодар облысында қоқыс пакеттерінен бөлшектелген әйелдің мәйіті табылды

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

27 Шілде 2026, 19:35
АВТОР
 Depositphotos 27 Шілде 2026, 19:35
27 Шілде 2026, 19:35
144
Фото: Depositphotos

Павлодар облысының Екібастұз қаласында әйел адамның бөлшектелген денесі табылуына байланысты қылмыстық іс тергелуде.

Куәгерлердің айтуынша, Мұхтар Әуезов көшесіндегі қоқыс алаңынан адамның бөлшектелген денесі салынған дорбалар табылған. Оқиға туралы ақпарат полицияға түсіп, одан кейін құқық қорғаушылар тексеруді бастады.

Павлодар облыстық Полиция департаменті адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Павлодар облысында адам өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – деп пікір білдірді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қылмыстың себептері анықталуда.

Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Бұған дейін Ақтөбеде қала орталығындағы қоқыс алаңында сөмкеден денесі табылған 55 жастағы ер адамды өлтірді деген күдікті ұсталған болатын.

Куәгерлердің айтуынша, ішінде денесі бар сөмке контейнерлердің жанында бірнеше күн бойы жатқан.

Қылмыс жасады деген күдікті анықталып, ұсталды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті мен марқұмның арасында бірге спирттік ішімдік ішу кезінде жанжал туындаған. Сөзге келмей қалу барысында күдікті жәбірленушіге бірнеше пышақ жарақатын салған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Наверх