Павлодар облысында кәріз құдығына түскен төрт адам газдан уланған

7 Қыркүйек 2024, 01:38
599
Бөлісу:
Павлодар облысында кәріз құдығына түскен төрт адам газдан уланған
Фото: архив

Павлодар облысының Шарбақты ауылында кәріз жүйесінде жұмыс істеп жүрген 4 адам белгісіз газдан уланған. Олардың екеуі ауыр жағдайда Павлодар қаласына жеткізілді. Бұл туралы Өңірлік жедел жәрдем стансасынан мәлім етті деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шарбақты ауылынан адамдардың уланғаны туралы шақырту түсті. Белгілі болғандай, 1956, 1975, 1982 және 1992 жылғы туған ер адамдар кәріз құдығына түсіп, техникалық жұмыстар жүргізген. Жұмыс барысында белгісіз газдан уланған. Олар бірден аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Кейінірек екеуінің жағдайы ауырлай түскені себепті медициналық авиацияның реанимобилімен Павлодар қаласына жеткізілді, - деп мәлімдеді облыстық ұжедел жәрдем стансасының баспасөз қызметінен.

68 және 42 жастағы екі науқас Павлодар қалалық № 3 ауруханасының токсикология бөлімшесіне жатқызылған.

Өзгелердің жаңалығы