Павлодар облысында індет жұқтырғандардың арасында 2 жүкті әйел бар

14 Маусым 2020, 10:12
1105
Бөлісу:
Павлодар облысында індет жұқтырғандардың арасында 2 жүкті әйел бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында коронавирус індеті белгілері бар 13 жаңа жағдай тіркелді (2020 жылғы 13 маусымдағы жағдай бойынша).

COVID-19  1942 ж.т. , 1954 ж.т.,1955 ж.т.,1966 ж.т., 1967 ж.т., 1973 ж.т., 1977 ж.т., 1978 ж.т., 1988ж.т., 1992 ж.т., 1994 ж.т., 1995 ж.т. әйел адамдарда  және 1973 ж.т.  ер адамда анықталды. Науқастанғандардың арасынан 9 - Павлодар қаласының, оның ішінде Ленин кентінің, 1 - Павлодар ауданы Новочерноярка ауылының, үшеуі - Екібастұз қаласының тұрғындары. 
 
Ауырған  адамдарда дене қызуының көтерілуі, жөтел, әлсіздік, демігу, тәбеттің жоқтығы сияқты белгілер байқалған. Пациенттерге қаралу кезінде ЖРВИ, созылмалы бронхит, өткір бронхит, өкпенің өткір қабынуы диагноздары қойылды. Павлодар қаласының 78 жастағы тұрғыны артериальды қан қысымы диагнозымен есепте тұр. Індет жұқтырғандар арасында жүктілік мерзімі 35 және 39 аптадағы жүкті екі әйел бар, - делінген хабарламада.
Пациенттердің төртеуі бұған дейін тіркелген КВИ жағдайымен қарым-қатынаста болғандықтан тексерістен өткен. Жүргізілген ПТР - зерттеу қорытындылары барлық пациенттерде COVID-19 ды анықтады.

Пациенттер Павлодар және Екібастұз қалаларының инфекциондық стационарларына  жатқызылды, жағдайлары бір қалыпты.
Бекітілген хаттамаға сәйкес ем тағайындалды. Байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. ҰСО филиалы мамандарының күшімен ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілді. Өңірде індетке қарсы шаралар жалғасып жатыр. 

Бүгінгі күні, 13 маусымдағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен жалпы 346 адам тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы