Павлодар облысында ерікті топтар мектептер мен балабақшаларды күзетуде

10 Қаңтар 2022, 21:11
1208
Бөлісу:
Павлодар облысында ерікті топтар мектептер мен балабақшаларды күзетуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барлығы 1200 шақты адам жұмылдырылған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыста шамамен 400 ерікті топ құрылды. Өңірлік білім басқармасының баспасөз хатшысы Александр Вервекиннің айтуынша, бұл топтардың мақсаты – ғимараттарды тонап кетуге жол бермеу. 
 

Бұл топтардың  жұмысы аумақтар бойынша бөлінген. Белгілі бір мектептің қызметкерлері қарақшылар мен бұзақылардан өз мектептері мен жақын маңдағы  балабақшаларды, үйірмелер мен секцияларды қорғайды, –  дейді Александр Вервекин.

Топтың құрамына сол мектептерде, колледждерде, лицейлер мен гимназияларда жұмыс істейтін ер адамдар мен дене шынықтыру, әскери жетекшілер, техқызметкерлер ғана кіреді. 

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні Павлодар облысында балабақшалар өз жұмысын қайта бастады. Мектеп демалыстары 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Мектепке дейінгі қосымша білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істейді. 

Өзгелердің жаңалығы