Павлодар облысында екі мыңнан астам «Жасыл ел» сарбазы жұмысқа кірісті

26 Маусым 2021, 18:49
3812
Бөлісу:
Павлодар облысында екі мыңнан астам «Жасыл ел» сарбазы жұмысқа кірісті

 

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында 2200 жас азамат «Жасыл ел» жасақтарының құрамында жұмыс істейді.
 

«Жасыл ел» жасақтарының 17-ші еңбек маусымыеда сарбаздар үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Нақтырақ айтқанда, абаттандыру және көгалдардыну, құрылыс және қайта құру, сонымен қатар, шығармашылық бағыттар бойынша жұмыс атқармақ.

Аймақтағы штаб басшысы Русана Самекованың айтуынша, жастарды уақытша жұмыспен қамтудың «Жасыл ел» бағдарламасы 16 жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Биылғы жазғы каникул кезінде 16-29 жас аралығындағы оқушы, студент жастар екі қолға бір күрек тапқан.

Каникул кезінде еңбекке кіріскен павлодарлықтар мемлекеттік бағдарламалар мен өзге жобаларды жүзеге асыруға атсалысады. Мәселен, археологиялық қазба жұмыстарына қатысу мүмкіндігіне ие. Негізгі бағыт - экология және құрылыс. Отрядтар облыстың қалалары мен аудандарында жасақталған. Құрылыс отрядтарының мүшелері студенттер үйлерін реконструкциялау, балабақшалар мен мектептердің жөндеу жұмыстарына тартылады. Сарбаздардың орташа жалақысы 39 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар, жұмыс берушілер тарапынан қосымша жалақы қарастырылған, - дейді Русана Самекова. 

Айта кетейік, облыс аумағында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6%-ды құрайды. Көрсеткішті төмендету мақсатында үш мыңнан астам жас буын өкілі еңбекпен қамту шараларына жұмылдырылған. Мәселен, жас бизнесмендерді қолдау мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде 1 250 азамат түрлі мамандық бойынша курстарға қатысып, білім алады. Оның ішіндегі жастардың үлесі - 219 адам.

  


 

 



 

 

Өзгелердің жаңалығы