Павлодар облысында әйел екі баласымен бірге Ертіске батып кетті

26 Тамыз 2023, 16:14
725
Бөлісу:
Павлодар облысында әйел екі баласымен бірге Ертіске батып кетті

Ана мен екі кәмелетке толмаған баланың денелері өзенге сырғыған көліктен шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі 25 тамыз сағат 22:53-те құтқарушылар Ертістен қаза тапқандардың денесін алып шыққаны туралы ақпарат берді. 

1980 жылы туған әйел мен оның 6 және 9 жастағы екі баласы қайтыс болды. Олар кешкі сағат 21:40 шамасында өзенге түскен жеңіл көліктен өздігінен шыға алмады, - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы