Павлодар облысында адам папилломасы вирусына қарсы 6 мың қызға екпе салынады

23 Сәуір 2024, 18:15
290
Бөлісу:
Павлодар облысында адам папилломасы вирусына қарсы 6 мың қызға екпе салынады
Фото: BAQ.KZ - архив

Ертіс өңірінде биыл күзде 6 мың қызға папиллома вирусына қарсы екпе салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Павлодар облысы онкологиялық аурулардан келетін өлім-жітім бойынша республикада көшбасшы орында. Ресми мәліметтерге сүйенсек, облыстық онкологиялық диспансердің есебінде 13 мың науқас тұр. Жатыр мойнының қатерлі ісігіне мыңнан астам әйел шалдыққан. Ал жыл басынан бері ондаған жаңа дерек тіркеліп, үш адам көз жұмған. Сараптама бойынша бұл дертке көбінесе 25-44 жас аралығындағы әйелдер шалдығады. Ал бұл ауру адам папилломасы вирусы салдарынан пайда болатыны ғылыми түрде дәлелденген.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанованың айтуынша, жатыр мойнының қатерлі ісігі - вакциналау арқылы алдын алуға болатын жалғыз онкологиялық патология.

Қазақстанда адам паплиломасы вирусына қарды екпе алғаш рет 2013 жылы пилоттық режимде енгізілген. Дегенмен жаппай бас тарту салдарынан тоқтап қалды. Вакцина 12-14 жас аралығындағы қыздарға салынды. Ал биыл ауруға қарсы иммундау екпелердің ұлттық күнтізбесіне енгізілді. Тізімге 21 инфекциялық ауру енгізілден. Вакцина қауіпсіз, оның құрамында вирус ДНҚ-cы жоқ. Медициналық препарат әлемнің 135 мемлекетінде соңғы он жыл ішінде қолданылады. Елімізде осы күзде 11 жастағы қыз балаларға екпе салынады деп жоспарланған. Сондай-ақ, жоспарлы вакцина алмаған 15 жастағы жеткіншектер иммундаудан өтеді деп күтілуде, - дейді Зәмзгүл Дощанова.

Айта кетейік, вакцина ақылы түрде де қолжетімді. Облыста төрт валентті «Гардасил» екпесі қолданылады. Қыздарға алты ай сайын екі рет салынбақ.

Өзгелердің жаңалығы