Павлодар облысында адал еңбек идеологиясын насихаттау қолға алынуда

3 Наурыз 2022, 07:15
1258
Бөлісу:
Павлодар облысында адал еңбек идеологиясын насихаттау қолға алынуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тереңкөл ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Березовка ауылдық клубында болып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Аталмыш нысан 1982 жылы салынды. 2013 жылы мұнда шағын жөндеу жүргізілсе, 2021 жылы клуб күрделі жөндеуден өтті. Мұнда тренажер залы, коммуникациялар орталығы, медпункт, мал дәрігерінің кабинеті, фотосалон жұмыс істейді. Жақында клубта оригами, құрақ құрау өнерлері, домбыра үйірмесі және жан басына шаққандары қаржыландыру бойынша спорт секциялары ашылмақ.

Енді осы ғимаратты толтыру керек, - дейді Әбілқайыр Сқақов. – Іші жылы, сырты әдемі. Енді әрбір шаршы метр тиімді пайдалану керек. Ең бастысы – клуб балалардың үйірмелерге қатысып, жан-жақты дамитын, қариялардың кітап оқып, демала алатын орынға айналуы тиіс.

Березовка ауылы тұрғындарымен әңгіме барысында өңір басшысы еңбек культінің маңыздылығына тоқталды. Әбілқайыр Сқақов пікірінше, оны жастарға түсіндіру, оларды еңбекке баулу елдің болашағы үшін қажетті іс.

Міндетіміз – адал еңбек идеологиясын қайта жаңғырту, - дейді Әбілқайыр Сқақов. – Еңбек болмаса, ештеңе өнбейді. Қазір бәрі тез байысам, миллионер боламын дейді. Жастарға балық емес, қармақ ұстатып, адал термен тапқан табыстың артықшылықтарын түсіндіру керек.

Өз кезегінде, ауылдықтар өздерін толғандырған сауалдарын облыс әкіміне тікелей жолдауға мүмкіндік алды. Мысалы, тұрғындарды жол, интернет, медициналық қызмет көрсету мәселелері толғандырды.

Анық болғандай, Березовка интернет желісіне қосылған. Оны әкімнің өзі сол жерде-ақ көз жеткізді. Тек «Beeline» желісінің әлсіздігі байқалады. Ауылдық округ басшылығы да бұл мәселені қолға алуға уәде берді. 

Жол мәселесіне келгенде Әбілқайыр Сқақов жаңа тағайындалған аудан әкімі Азамат Маңғұтовқа осы проблеманы биыл шешуді тапсырды. 

Сонымен қатар, облыс басшысы жергілікті ауылдық дәрігерлік амбулаторияны қайта жаңғырту мәселесін қарастыруды бұйырды.

Өзгелердің жаңалығы