Павлодар облысында 9 блок-бекет қойылады

7 Қараша 2020, 02:22
1915
Бөлісу:
Павлодар облысында 9 блок-бекет қойылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысымен шекарада 2 блок-бекет орнатылады. Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында Павлодар облысы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров мәлім етті.  

Павлодар қаласының аумағында 5 блок-бекет қойылады. Бекеттер көктемдегі орындарына орнатылады. Ақсуда 2 блок-бекет қойылады. Олар Ақсу-Евгеньевка бағытындағы жолда және Ақсу кенті мен МАЭС маңында болады. Сондай-ақ індет өршіп тұрған Шығыс Қазақстан облысымен шекараласатын Аққулы және Май аудандарында блок-бекеттер орнатылады, - деді Жасқайрат Қайыров.

Блок-бекеттерден pvlinfo.kz рұқсат беру сайтына тіркелгендер, жұмыс орнынан анықтамалары бар адамдар және медициналық қызмет алуға келгендер ғана өткізіледі. 

Оған қоса, облыста мониторинг топтарының саны 22-ден 40-қа дейін жеткізіледі. Отбасылық және басқа да шаралар өткізуге, карантиндік талптарды сақатуға қатысты қатаң бақылау жасалады. Ереже бұзушылықтар анықталса, 83 мыңнан 4 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады, - деді Жасқайрат Қайыров.

Сонымен қатар, қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы тоқтайды. Тек қала маңындағы және қала ішіндегі қоғамдық көліктер жұмыс күндері әдеттегідей қозғалысын жалғастырады. Ал демалыс күндері тоқтайды.

Темір жол қатынасына келсек, бұған дейін Павлодар-Алматы бағытындағы №31 пойыз күн сайын қатынайтын. Енді күн аралап жүретін болады. Уақыттары кейін хабарланады. Ол пойыз тек ірі станцияларда ғана тоқтайды. Олар: Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Бозшакөл станциялары. Ұшақпен ұшу кезінде және пойыздарға мінерде ПЦР нәтижесі қажет емес, - деді Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының м.а. Диана Мұханова.
Өзгелердің жаңалығы