Павлодар облысында 44 ауылдық округ әкімі сайланады

2 Шілде 2021, 19:32
2167
Бөлісу:
Павлодар облысында 44 ауылдық округ әкімі сайланады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде ауылдық деңгейдегі 44 әкімнің тікелей сайлауы өтеді.

Облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Аманжолованың хабарлауынша, саяси науқанға 130 елді мекеннің халқы қатысады. Бұл ауылдарда 75 мыңнан астам халық бар.

Олардың 51 мыңнан астамы - дауыс берушілер. Сайлау науқанына 140 сайлау комиссиясының мүшелері қатысады. Олардың 14-і - аумақтық және 126-сы - учаскелік. Комиссиялардың 750 мүшесі бар. Қазіргі уақытта сайлау округтерін құру бойынша қаулылар шығарылды. Сонымен қатар негізгі шаралар жоспары бекітілді. Бұл күнтізбелік жоспар бойынша қазіргі уақытта кандидаттардың өзін-өзі ұсынылуы мен тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Еліміздің Сайлау туралы заңнамасына сәйкес үміткерлер саяси партия атынан ұсыныла алады. Кандидаттар дауыс беруге құқылы азаматтардың кем дегенде 1%-ның қолын жинап алуы керек, - дейді Гүлнар Аманжолова.

Кандидаттардың өзін-өзі ұсынуы осы жылдың тоғызыншы шілдесінде аяқталады. Ал тіркеу шаралары тексерістен соң 14 шілдеде аяқталады.

Айта кетейік, барлық процедуралық сұрақты аумақтық Сайлау комиссиясы шешеді. Жаңадан сайланған әкімнің жұмыс мерзімі төрт жылға шақталған. Сайлауға дайындық барысында аумақтық комиссия мүшелері учаскелік комиссия өкілдерін оқытуға кірісті.



Өзгелердің жаңалығы