Павлодар облысында 24 тұрғын жауапқа тартылды

16 Маусым 2021, 09:44
4128
Бөлісу:
Павлодар облысында 24 тұрғын жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында «Тұрмыс» іс-шарасы барысында 24 тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Павлодар облысы Успен ауданының аумағында «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара аясында полиция қызметкерлері Ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеруді жүзеге асырады.

Бүгінгі таңда біздің қызметкерлер есепте тұрған 135 адамды тексерді. Оның ішінде спирттік ішімдіктерді ішетін 75 адам, 16 қолайсыз отбасы, алты нашақор, 27 адамға қатысты сотпен ерекше талаптар белгіленген, – деді Успен ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов.
Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір фактісін анықтады, үш қорғау ұйғарымы шығарылды, сондай-ақ ауданның 24 тұрғыны түрлі құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Өзгелердің жаңалығы