Павлодар облысына 7 мыңнан астам шетелдік азамат келген

20 Тамыз 2020, 01:27
2043
Бөлісу:
Павлодар облысына 7 мыңнан астам шетелдік азамат келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ал жыл басынан бері көші-қон заңнамасы бойынша түрлі заң бұзушылық үшін 2604 тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен хабарлады. 

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оның ішінде 356 шетелдік азамат бар. Сот шешімі бойынша 60 шетелдік азамат елден шығарылды.

16 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жазаланды. Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 20 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Полиция қызметкерлерімен тұрақты негізде көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау үшін мақсатты жұмыстар мен рейдтік іс-шаралар жүргізілуде, - деп мәлімдеді көші-қон қызметі бастығының орынбасары Қазбек Ахметов.  

Полиция подполковнигінің айтуынша, аймақта шетелдіктер жасалған 51 қылмыс тіркелген жəне оның көбісі Ресей Федерациясының азаматтары. 
Өзгелердің жаңалығы