Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолында жүк машинасы жанып кетті

12 Ақпан 2022, 17:52
2279
Бөлісу:
Павлодар-Нұр-Сұлтан тас жолында жүк машинасы жанып кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  12 ақпанда сағат 01-38-де Нұр-Сұлтан-Павлодар автожолында Павлодар облысы ТЖД “101” пультіне өрт туралы хабарламакеліп түсті. 

Жүк тиелген тіркемесі бар Renault Premium жүк машинасы - ауданы 40 шаршы метрде трикотаж бұйымдары толығымен жанып кетті.

Жүк машинасы Өзбекстаннан Ресейге кетіп бара жатқан.  Трассалық медициналық-құтқару пункті Қалқаман кентінің жылыту пунктіне 2 жүргізушіні эвакуациялады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 05-00-де сөндірілді. Көлік электр сымдарының қысқа тұйықталуынан өртенген болуы мүмкін. Келітірілген шығыны анықталып жатыр. 
Өрт орнында Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 16 адам және 3 техника, "102" қызметі, Қалқаман кентінің ТМҚП жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы