Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытындағы автобустан 20 жолаушы құтқарылды

Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытындағы автобустан 20 жолаушы құтқарылды
1619

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 22 қарашаға қараған түні сағат 02.50 шамасында Екібастұз қаласынан 225 шақырым қашықтықта Төртқұдық ауылының маңында Setra маркалы автобус істен шықты.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жолаушылар көлігі Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытында жолға шыққан. Ішінде 20 адам болған. Оның екеуі - жүргізуші. Олар облыстық ТЖД және Шідерті кенті қызметкерлерінің көмегімен Төртқұдық ауылының орта мектебіне жеткізілді, - дейді облыстық ТЖД жедел кезекшісі, азаматтық қорғаныс майоры Д. Қайдаров.

Жүргізушілер эвакуациядан бас тартқан. Автобусты жөндегеннен кейін жолаушылар  өз бағытында  сапарды жалғастырды.

Еске сала кетейік, өңірде 18 қарашадан 21 қарашаға дейін қатты аязға байланысты дауылды ескерту жарияланған болатын.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы