Павлодар музейінде «Біріміз бірдейміз» инклюзивті жоба жүзеге асырылды

3 Маусым 2022, 19:15
1335
Бөлісу:
Павлодар музейінде «Біріміз бірдейміз» инклюзивті жоба жүзеге асырылды
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі.  Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы бұдан былай көзі нашар көретін және зағип жандарға қолжетімдірек болмақ. Енді зағип жандар ауызша сипаттама және тактильді модельдердің көмегімен өнер туындыларымен таныса алады.

Жобаны облыстағы көзі нашар және зағип жандарға арналған кітапхана, көркемсурет музейінің мамандары «Дара» қайырымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Алғашқы экспозиция қайырымдылық қорының 15 жылдығына орайластырылды. Көзі нашар көретін азаматтар арнайы құрылғылар арқылы өнер туындысы туралы мағлұмат ала алады. 

Көркемсурет музейі қазақ орыс тілдеріндегі барельефпен қамтылды. 21 картина аудиодескрипциямен жабдықталды. Мүсінші Владимир Ефремов тегіс көлемде 3 тактильді модель жасады - экспонаттардың бейнесін барынша жеткізетін рельефтер. Қазақстанда алғаш рет картиналардың екі өлшемді және 3-D тактильді модельдері ұсынылады, - дейді мамандар.

Бұл іске зағип сарапшылар да тартылды. Ал музей қызметкерлері зағип және нашар көретін келушілермен жұмыс істеу бойынша оқу курстарынан өтті.

Бүгін көрмеге келдім. Бұл – бірегей және ерекше жоба. Мен үшін бұл өте маңызды, себебі, өнер әлеміне жақын музыкантпын. Енді арнайы техноогиялардың көмегімен картиналарды рельефті графика арқылы саусақтың ұшымен сезініп, ақпарат ала аламыз. Суретшінің сезімін, бізге айтқысы келетін ойын да біле аламыз. Туындылардың сипаттамасы Брайль қарпінде жазылған. Біз үшін өте қолайлы, - дейді зағип музыкант Диляра Асайынова. 

Айта кетейік, осындай тәжірибе Семей, Қарағанды және Атырау қалаларындағы мәдени ошақтарда енгізілуде.

Өзгелердің жаңалығы