Павел Дуров IOAI 2026 жеңімпаздарына 240 эксклюзивті марапат тағайындады

Бұл марапаттар шектеулі тиражбен шығарылады.

3 Тамыз 2026, 13:20
АВТОР
 telegram/@durov 3 Тамыз 2026, 13:20
3 Тамыз 2026, 13:20
125
Фото: telegram/@durov

Астанада Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада (IOAI 2026) басталды. Осыған орай Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров олимпиаданың үздік қатысушыларына арналған арнайы сыйақы қорын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Павел Дуровтың айтуынша, адамзаттың технологиялық дамуына үлес қосатын дарынды жас әзірлеушілерді қолдау мақсатында олимпиада жеңімпаздарына 240 эксклюзивті «Интеллект» марапаты табысталады.

Оның мәліметінше, бұл марапаттар шектеулі тиражбен шығарылады.

Әр марапаттың ең төменгі сатып алу бағасы белгіленген. Мысалы, алтын марапаттың ең төменгі құны – 1000 АҚШ доллары. Алайда олардың саны өте шектеулі болғандықтан, екінші нарықтағы бағасы бұдан да жоғары болуы мүмкін, – деді Павел Дуров.

Telegram негізін қалаушы жасанды интеллект саласында бақ сынап жатқан барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, олардың әзірлемелері болашақта технологиялық прогрестің жаңа кезеңіне жол ашады деген сенім білдірді.

Еске сала кетейік, әлемнің ең дарынды жас AI мамандары Астанада бас қосты.

600 мың халқы бар Кабо-Верде арал мемлекеті құрамасы IOAI 2026 олимпиадасына жарты жылға жуық дайындалған. 

Тағы оқи отырыңыз: IOAI 2026: Тоқаев Астанаға жарысқа жиналған оқушыларға сәттілік тіледі 

Тоқаев дарынды жастарды тәрбиелеп жүрген мұғалімдер мен тәлімгерлерге алғыс айтты

Президент: Жасанды интеллект адам игілігіне қызмет етуі тиіс.

Наверх