Патрульдік полицей Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атты

18 Сәуір 2019, 13:10
3749
Бөлісу:
Патрульдік полицей Ұлттық бюро қызметкерлеріне оқ атты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті облыстың Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, Панфилов ауданының Полиция бөлімі Әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы (полиция майоры), Жергілікті полиция қызметінің бастығы (полиция майоры), сондай-ақ осы ауданның Патрульдік полициясының екі полицейінің (полиция сержанттары) парақорлық фактісін анықтады. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша бұрын алынған 2491 дана ондатр терісін қайтару үшін жергілікті тұрғыннан 700 мың теңге пара алуда күдікті деп танылды. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Арман Бердалин.

Қылмыс үстінде ұсталған патрульдік полицей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына үш рет оқ атқан.

«Патрульдік полиция қызметкерлерінің бірі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына үш рет оқ атты. Нәтижесінде үш қызметкер қылмыс орнынан бой тасалады. Аталған факті бойынша Панфилов ауданы Полиция бөлімі ҚР ҚК 380-бабы 3-бөлігі 5-тармағы бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркелді. Қазіргі тағда бой тасалаған тұлғалар іздестіріліп жатыр», - деді департамент директоры.

Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ қызметкерлерінің жемқорлықпен ұсталғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ, сәуір айында елорданың ірі жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлық қатынастардың болуына қатысты студенттер мен оқытушылар арасында жасырын сауалнама жүргізілген. Сауалнама нәтижесінде Нұр-Сұлтандық студенттердің 6,3%-ы пара бергенін жасырмаған.


Өзгелердің жаңалығы