Пәтердің шаршы метрі 600 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

28 Қыркүйек 2021, 13:35
2815
Бөлісу:
Пәтердің шаршы метрі 600 мың теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев «Желмая» жобасында айтты.

Кейбіреулер Испания, Болгарияға қарағанда Қазақстанда үйдің шаршы метрі қымбат деп жатады. Бұл қате ақпарат. Оларда баспана бағасының арзан болуының себебі ипотека арзан кезде салынған. Барлық азаматы баспанаға қол жеткізген соң үйлерін шетелдіктерге сатып жатыр, - деді Ерғалиев.

Ол құрылыста баға неден құралатынын айтып берді.

Құрылыс бағасы 35-40 пайызға, құрылыс материалдары 60-90 пайызға қымбаттады. Көктем мен жазға қарай комфорт санатындағы пәтердің шаршы метрі 400 мың теңгеден арзан пәтер болмайды. 2 жылдан кейін ол баға 600 мың теңгеге жетеді. Сондықтан мүмкіндік болса, баспана ала беруі керек. Ештеңеден ұтылмайды. Себебі баға өсе береді, - деді Талғат Ерғалиев.

Ол атап өткендей, пандемия кезінде шетелден келетін мамандар саны азайды.

Нарықта жетпейтін мамандар шетелден келетін. Шекара жабылған соң ол қиындай түсті. Мамандардың тапшылығы шаршы метрге де әсер етеді. Себебі 10 айда салатын ғимаратты 15 айда салса, оның құны баспана бағасына түседі, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы