Пәтер жалдаушылар, сіздерге Жамаубаевтан жақсы кеңес

27 Қыркүйек 2022, 14:14
3546
Бөлісу:
Пәтер жалдаушылар, сіздерге Жамаубаевтан жақсы кеңес

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пәтерді жалға алғандарға кеңес айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, пәтерді жалға алған кезде заң бойынша құжатпен рәсімделуі керек. Ондай заңды рәсім жасалмағандықтан, қазақстандықтар пәтерсіз қалып жатыр.

Келісімге ауызша келіп, кейін ауызша үйінен қуылып жатады. Егер баспананы басынан-ақ арнайы келісімшартқа отырса, пәтер қожайыны жалға алушыны қуа алмайды. Себебі, ол пәтер ақысын бір-екі айға төлеп қояды. Сол себепті мұндай кезде заң бұзылып жатса, тиісті органдар қарауы керек, - деді ведомства басшысы Үкімет кулуарында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет отырысынан кейін журналистер алдына шыққан Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрлігі Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президент сайлауын өткізу қажет 20,5 млрд теңгенің өтінімін мақұлдады ма? деген сұраққа жауап берген еді.

Иә, мақұлдады – деп, қысқаша жауап берді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы