5 жыл бұрын пәтер сатып алғандар әлі үйдің іргетасы да жоқтығына шағымданды

10 Қыркүйек 2019, 09:42
1767
Бөлісу:
5 жыл бұрын пәтер сатып алғандар әлі үйдің іргетасы да жоқтығына шағымданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кешкі аралау кезінде қала әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс нысандарын аралады. Бұл туралы елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Іргетасы қаланбаған ЖК "Самал"-дың 40-тан астам үлескері бар. Жоба бойынша үй екі жеті қабатты мұнарадан тұрады. Тұрғындардың қолында тек үй құжаттары ғана бар. 

"Бес жыл бұрын пәтерді сатып алдық. Көбі жүз пайызын төледі. Қазіргі таңда үйдің іргетасы да жоқ, тіпті шұңқыр қазылмаған", - деді үй үлескерлері. 

35adbf854bbcf6b4cbef27628570e421.jpg

Қала әкімі Алтай Көлгінов жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін уақыт қажет екенін атап өтті. 

"Алдымен инвестор үшін қаржылық модельді қарастыру керек. Құрылыс салушыға объект тартымды болуы тиіс. Құрылыс жобасыз басталмайды. Сондай-ақ, құрылысшының жауапкершілігі мол болуы керек. Жұмысты аяғына дейін жеткізу керек. Егер финмодельден кейін нысан тиімсіз болса, онда үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС қатысуымен салынатын болады", - деді Алтай Көлгінов. 

Аралаудағы келесі нысан 2014 жылы проблемалық деп танылған "Тельман Парк" ТК болды. Үлескерлердің айтуынша, ғимараттың тікелей инвесторы кім екенін біле алмаған, пәтер үшін төленген қаражатты қайтаруды сұрайды. ТК "Тельман" инвесторларымен және үлескерлерімен қосымша кездесу ұйымдастырылатын болады. Қалада барлығы 51 құрылысы аяқталмаған объект бар. Жыл соңына дейін 10 ТК пайдалануға беріледі.

Өзгелердің жаңалығы